Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік қолдау ретінде материалдық көмек беріледі
Жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік қолдау ретінде материалдық көмек беріледі

31.05.2021
1 мин
1
1086

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 14,9 млрд. теңге төленді, деп хабарлайды Dauletten.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

«Халық жауын» анықтау саясатының нәтижесінде көптеген адамдар зардап шекті. 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңына ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасы қолданылды.

ГУЛАГ құрылымындағы ең ірі лагерлер – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг Қазақстан аумағында болғаны белгілі. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 млн-нан астам адам жер аударылды.

1930-1940 жылдары Қазақстан миллиондаған кеңес азаматтары үшін жер аударатын аймақ болды. 1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың корейлер, түріктер, ирандықтар, күрдтер және әзірбайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында елге немістер, гректер, шешендер, ингуштер, қарашайлар, балкарлар, Қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударды. Олардың саны 1 млн. 200 мың адам деп бағалануда.

 «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған және заңға сәйкес ақталған адамдарға көрсетілген жерлерде болуының әр айы үшін, әлеуметтік қорғау органдарына жүгінген кезде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) төрттен үш бөлігі, бірақ 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

2003-2020 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 188 теңгеден (3/4 АЕК) 291 700 теңгеге (100 АЕК) дейін құрайды. 2021 жылға республикалық бюджетте аталған мақсаттарға 796 мың теңге көзделген.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемдердің басқа түрлеріне қарамастан, 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – АМЖ) төленеді (2021 жылы – 3 122 теңге).

2005 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде АМЖ 12 млрд теңге сомасында төленді. 2020 жылы МБК төлемі 1 млрд 180 млн теңге сомасына жүргізілді. 2021 жылы АМЖ төлеуге 1 млрд 259 млн теңге бөлу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 мамырына жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендер қатарынан АМЖ алушылар саны 32 229 адамды құрады.

Сонымен қатар, ақталған азаматтар, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылған, мүгедектігі бар немесе зейнетке шыққан адамдар:

- бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған, жазасын өтеген, басқа елді мекемендерге жіберілген, арнайы елді мекендерде еркіндігі шектеліп, мәжбүрлі еңбекпен айналысқан және мәжбүрлеп психиатриялық мекемелерде емдеуде болған уақытының үш есе мөлшерде зейнетақы алу үшін қатысу өтіліне есептелуіне;

- кезекті еңбек демалысын өздері үшін ыңғайлы уақытта алуға, сонымен қатар жылына екі аптаға дейін жалақы сақтамайтын қосымша демалыс алуға;

- қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналастыруға, оларда толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұруға;

- протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз етілуге;

- оңалтуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардың тегін консультациясын алуға құқылы.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және заңнамаға сәйкес ақталған адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету жөніндегі шараларды жергілікті бюджеттер есебінен қосымша белгілеуге құқылы.

Мәселен, жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек береді.

2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 230 азаматқа 5 834 (2 АЕК) бастап 43 755 теңгеге (15 АЕК) дейінгі мөлшерде 198,4 млн теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жаннұр 31.05.2021
Үй алғым келеді сіздермен бетпебет қалай сөйлесе аламын Нұр—сұлтан қаласынан боламыз жолдасым бар 2 баламыз бар тұратын уйіміз жок сіздерден көмек сұраймыз
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл