| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Щучинск қаласындағы «Палау орталығында» газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шықты. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, жеті адам көз жұмып, шамамен 20 адам жарақат алған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс қоғамдық тамақтану орнында болған. Оқиға салдарынан ғимараттың бір бөлігі қирап, өрт тұтанған.
Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, жанып жатқан нысаннан сегіз газ баллонын сыртқа шығарды. Сонымен қатар, оннан астам адам құтқарылды.
Қазіргі уақытта өрт оқшауланып, үйінділерді аршу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жедел қызмет мамандары мен медицина қызметкерлері жұмыс істеуде.
Жарылыстың нақты себептері анықталу үстінде.