| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
5 наурыз күні Семей қаласынан шамамен 40 шақырым жердегі Қорғаныс министрлігінің полигонында әскери техника апаты орын алып, қызметші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
5 наурыз таңертең Семей қаласы маңындағы Абай тас жолында Қорғаныс министрлігінің полигонында әскери техника апаты тіркелді. КРАЗ жүк көліктерін сүйрету кезінде бір әскери қызметші екі техниканың арасында қысылып қалған.
Абай гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай техникамен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан туындаған. Қызметші алған ауыр жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.