| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысындағы «Семей орманы» аумағында тұтанған орман өртін сөндіруге бірнеше мемлекеттік органның жүздеген қызметкері жұмылдырылды. Қазір тілсіз жаумен 600 адам, 148 техника және 7 тікұшақ күресіп жатыр. Мамандардың мәліметінше, Камышенка ауылына төнген қауіптің беті қайтарылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында шыққан өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті ауыздықтауға ТЖМ-мен қатар Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және жергілікті атқарушы органдардың күштері тартылған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында 600-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 148 бірлік жерүсті техникасы мен 7 тікұшақ жұмылдырылған. Әуеден және жерден жүргізіліп жатқан үйлесімді жұмыстардың нәтижесінде Камышенка ауылына төнген қауіптің беті қайтарылған.
Қазір мамандар өрттің одан әрі таралуына жол бермеу және оны толықтай оқшаулап, сөндіру бағытында жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, жаз мезгілінде орман алқаптарындағы өрттің жылдам таралуына аптап ыстық, құрғақ шөп пен желдің күшеюі негізгі себептердің бірі саналады. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.