| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жақып Асанов инвесторларды қолдауды тиімді ету үшін бюрократиялық кедергілерді азайтып, жобаларды нақты нәтижеге жеткізу жолдарын реформалауды ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сенат вице-спикері Жақып Асанов ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитеті және «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ ұжымдарымен кездесті.
Кездесудің негізгі тақырыбы – инвесторларды қолдау сапасын жақсарту және жобалық басқару әдістерін енгізу болды.
Жақып Асанов сөзінде атап өтті:
- Бюрократиялық рәсімдерге емес, нақты нәтиже – өндірісті іске қосу мен өнімді шығару процесіне назар аудару қажет. Әр жоба иесі бастапқы кездесуден бастап өнімді іске қосуға дейінгі барлық кезеңге жауапты болуы тиіс, - деді ол.
Ол сондай-ақ жобаларды нақты мақсаттар мен мерзімдерге сәйкес жүргізудің маңызды екенін атап өтті
Тек нақты көрсеткіштер мен нәтижеге бағдарланған жұмыс ұйымның тиімділігін арттырады, - деді Төраға орынбасары.
Кездесу соңында қатысушылар инвесторларды қолдау механизмдерін жетілдіру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын жасауға келісті.