Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада Sergek жүйесімен жабдықталған дрондар сынақтан өтуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елордада Sergek жүйесімен жабдықталған ұшқышсыз аппараттар (дрондар) сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл құрылғылар іздеуде жүрген көліктерді, жол ережесін бұзған жүргізушілерді, алимент төлемегендер мен борышкерлерді нақты уақытта анықтай алады.
Бақылау нәтижелері полиция қызметкерлерінің планшеттеріне жедел түрде жеткізіледі. Бұл құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жобаны Ішкі істер министрлігі, "Қазақтелеком" және отандық ІТ әзірлеушілер бірлесіп жүзеге асыруда. Сынақ сәтті өтсе, жүйе еліміздің басқа өңірлерінде де қолданыла бастайды.