Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтің Қырғыз еліне қалай өтіп кеткенін айтты.
Мәжілісте Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің мәлімдеуінше, Күдебаевтың айғақтарына сәйкес ол шекара бекетінен тыс аймақтағы қоршаудың астынан өз бетінше өтіп кеткен.
«Ол шекарамыздан тыс жерден Қырғыз мемлекетіне өтіп кеткен. Шекараға жеткізген көлік жүргізушісіне де оның мұндай әрекетке баратыны белгілі болған. Сол себепті өзі де жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол (Күдебаев) шекараның өткізу пунктінен өтпеген. Кеген ауданында шекара темір торының астын көтеру арқылы өтіп кеткен», - деді ол.
Фото: Paryz.kz