Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оңтүстік өңір жастарына арналған "Серпін" бағдарламасы шеңберінде биыл 3 мыңға жуық білім гранты бөлінді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 19 жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы жұмысын бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бағдарламаның басты мақсаты – кадр тапшылығы байқалатын аймақтарға талапкерлерді тарту.
Талапкер Нұрболсын Мәметулла болашағын құрылыс және инженерлік саламен байланыстырып отыр. ҰБТ-дан 79 балл жинаған ол "Серпін" бағдарламасы арқылы грант иегері болуға ниетті. Ол Көкшетау қаласындағы ЖОО туралы мәліметпен танысты.
– Жергілікті оқу орындарына қарағанда, "Серпін" бағдарламасы арқылы солтүстікке грантқа түсу мүмкіндігі жоғары. Егер диплом алғаннан кейін жақсы жалақы мен жұмыс ұсынылса, сол жақта қалуға дайынмын, – дейді талапкер.
Университет өкілдері бағдарлама артықшылықтарын түсіндіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Айтуларынша, қабылданған студенттер тегін білім алып, ай сайын шәкіртақы алады. Сонымен қатар, тұлғалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі үйірмелер мен клубтарға қатыса алады.
– 2014 жылға дейін Өскеменде оңтүстік жастары өте аз оқыса, қазір «Серпіннен» бөлек, жалпы грантпен түсіп жатқандардың саны көбейді. Ғылыми және шығармашылық жұмысқа қызығушылық танытқандар үшін арнайы клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді, – деді университет өкілі Бақдәулет Анас.
Бағдарлама аясында оңтүстік жастары солтүстік, шығыс және орталық аймақтардағы 19 университетке оқуға шақырылып отыр. Құжаттар 20 шілдеге дейін электронды үкімет порталы арқылы немесе тікелей қабылдау комиссиясына барып тапсырылуы мүмкін.
– Биылғы оқу жылына "Серпін" бағдарламасы бойынша техникалық, ауыл шаруашылығы, инженерлік және педагогикалық бағыттар бойынша 3 мыңға жуық грант бөлінді, – деді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Талғат Зәуірбек.
Ен теменгі балл 50 балл, педагогикалық мамандыктар үшін 75 балл.
Қажетті құжаттар: