Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шәкіртақы 217 мың теңгеге дейін өседі
Жаңалықтар

Шәкіртақы 217 мың теңгеге дейін өседі

02.03.2023
мин
2
1494

Ашық НҚА порталы мемлекеттік стипендиялар қаулысына өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасын жариялады. Еске салсақ, былтыр білім министрлігі 2030 жылға дейін шәкіртақының 4 есе артатынын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды dauletten.kz порталы.

Жобаға сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік стипендия мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • даярлаудың педагогикалық бағыттарында және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41898 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
  • интерндерге  – 75 890 теңге;
  • магистранттарға – 97 024 теңге;
  • «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге;
  • докторанттарға  – 217 500 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.

Сондай-ақ, келесі санаттарға жататын стипендиаттардың шәкіртақысы артады:

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдарға және есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдар – 75%;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын, «Ардагерлер туралы» ҚР Заңына сәйкес жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген студенттер, магистранттар және интерндер – 50%;
  • Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттер, магистранттар және интерндер – 30%;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «үздік» деген бағалары бар студенттер, магистранттар (мемлекеттік атаулы стипендиялар мен ҚР президентінің стипендияларын алатын студенттерден басқа) – 15%;

Одан бөлек, мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарының стипендиясы соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлық ақысының деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендияның мөлшерінен төмен болмауы керек.

Айта кетейік, құжат жобасы 17 наурызға дейін қоғамның жария талқысына ұсынылған. Өзгерістер қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Ата-ана 03.03.2023
Неге тек кору ,есту жағынан мугедектік барларга женілдік бар,басқада мүгедектігі бар балаларға жеңілдік,шакіртақы берілсе екен оқу орындарында
Жауап беру
С
Сания Мустафина 03.03.2023
Колледж дедің стипендиялары өспейді ма?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл