Шерзат Болат ісі: марқұмның туыстары моральдық шығын ретінде қанша өтемақы талап етіп отыр
29.05.2025
1 мин
0
259
Сурет: Dauletten.kz
Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тараптың адвокаттары жасөспірімнің ата-анасының атынан айыпталушыларға қарсы азаматтық талап қойып, материалдық және моральдық шығын мөлшерін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сот отырысында жәбірленушілердің өкілдері марқұмның туыстары – Қаржаубай Нұрымов, Жұмабике Қадирова және Гүлбара Бишембиеваға келтірілген моральдық зиянды өндіру туралы өтініш білдірді.
- Бұл отбасыға айыпталушылар тарапынан моральдық тұрғыда елеулі зиян келтірілгені анық деп санаймыз, – деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы.
Адвокаттар айыпталушылардан келесі сомаларды өндіріп беруді сұрады:
Абзал Шынасылдан марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына – 2 794 000 теңге көлемінде материалдық шығын;
Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен бірлесіп Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына – 100 млн теңге моральдық өтемақы;
Гүлбара Бишембиеваның пайдасына Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен – 100 млн теңге моральдық өтемақы;
Жұмабике Қадированың пайдасына Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен – 100 млн теңге моральдық өтемақы;
Тоқтаубаев ағайындылар, Нұрқияс Ілиясов, Дархан Әскентай, Шыңғыс Белғожаев, Дидар Қалиахметтен – әрқайсысынан 20 млн теңгеден, барлығы 120 млн теңге Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына;
Осы аталған тұлғалардан Гүлбара Бишембиева үшін – әрқайсысынан 20 млн теңгеден, жалпы 120 млн теңге;
Сондай-ақ Жұмабике Қадирова үшін де – әрқайсысынан 20 млн теңгеден, барлығы 120 млн теңге моральдық шығын өндіру сұралды.