Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша 170 адам куәгер болған
Жаңалықтар

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша 170 адам куәгер болған

18.12.2024
1 мин
0
460
Сурет: Абзал Құспанның желідегі парақшасынан

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты әлеуметтік желілерде тараған тексерілмеген ақпараттарға байланысты мәжіліс депутаттары Абзал Құспан мен Ұнзила Шапақ өңірдегі құзырлы орган өкілдерімен кездесіп, іс бойынша 170-тен астам куәгерден жауап алынғанын анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутаттар Алматы облысының прокуроры Берік Адамов және облыс полиция департаментінің басшысы Мейрам Абикеевпен кездесті. Абзал Құспан Алматы облысына арнайы барып, істің барысы туралы толық ақпарат алғанын айтты.

Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты соңғы күндері қоғамда қызу пікірталас жүріп жатқаны белгілі. Әлеуметтік желілерде әртүрлі тексерілмеген ақпараттар таралуына байланысты көп жағдайда эмоцияға толы жазбалар мен бейнемазмұндарға назар аударылды. Заңгер ретінде, бұл күрделі жағдайларды құқықтық тұрғыда талқылаудың маңыздылығын атап өткім келеді. Мұндай істерде қоғам тарапынан жасалған қысым тергеу амалдарының объективті әрі жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін, – деді Абзал Құспан.

Ол сондай-ақ 40-қа жуық сараптама тағайындалып, тергеудің жан-жақты жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне де қатысты пікір білдірді.

Прокуратураның ресми ақпаратына сәйкес, қасақана кісі өлтіру күдігімен 11 адам ұсталғаны белгілі. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Осы іс бойынша 170-тен астам куәгерден жауап алынып, 40-қа жуық сараптама тағайындалып, тергеу терең әрі жан-жақты жүргізіліп жатыр. Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің бақылауында екенін атап өткен жөн. Оған қатысты сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің қоғамдық маңызына байланысты мен тергеу барысымен танысып, заңгер ретінде мән-жайды нақты анықтау үшін жұмыс істеп жатырмын. Бұл істің әділ әрі ашық қаралуына ықпал ету – басты мақсатымыз, – деді Абзал Құспан.

Абзал Құспанның айтуынша, облыс прокуроры Берік Абызбайұлы кездесу барысында бұл істің құқықтық және әділдік принциптеріне сай қаралатынын атап, уәде берген.

- Алдағы уақытта тергеу барысы мен ресми ақпараттарды жариялап отырамын. Қазір расталмаған ақпараттардан аулақ болуға және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамын. Заңның үстемдігі мен әділдік жолында бірге болайық, – деп түйіндеді депутат.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл