Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шерзат Полаттың қазасына байланысты сотталғандар үкімге қарсы шағым түсірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Зардап шеккен тараптың заңгері Мейірман Шекеевтің айтуынша, сотталғандардың басым бөлігі апелляциялық шағым берген. Оның сөзінше, алғашқы сот инстанциясының үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген. Осы күннен бастап сотталғандарда судья шешіміне қарсылық білдіруге 15 күн мерзім бар.
- Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан өзгелерінің барлығы немесе олардың қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді, – деді Шекеев.
Еске сала кетейік, 5 маусым күні Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ержан Жанұзақов жасөспірім Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша 9 айыпталушыға үкім шығарды.
Соттың шешімімен басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), және 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және оған оқталу) бойынша кінәлі деп танылды.