Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шетелдік 95 такси жүргізушісі елден шығарылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Полиция департаменті мәлімдеді.
Астанада полиция қызметкерлері мобильді қосымшаларды пайдаланып, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан шетелдік азаматтарды анықтау мақсатында "Заңсыз келуші-таксист" жедел алдын алу шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 95 шетелдік анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 42 адамға қатысты сот шешімі шығып, олар елден шығарылды.
Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартумен айналысқан 34 жұмыс беруші анықталды. Олардың кейбірі тиісті рұқсатсыз автокөліктерді жалға берген. Заңнамаға сәйкес, шетел азаматтары тек визаларында көрсетілген мақсаттарға сай немесе жергілікті атқарушы органдардан алынған рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыруы тиіс.