Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шетелдік азамат елорда тұрғынын тонап кеткен
Жаңалықтар

Шетелдік азамат елорда тұрғынын тонап кеткен

09.11.2022
1 мин
0
655

Елорда тұрғынын мойнынан қылқындырып, тонап кеткен шетелдік ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Полицияға қаланың 60 жастағы тұрғыны жүгініп, оны тонап, 690 мың теңге сомасында ақшасын ұрлап кеткені туралы арызданған. Тергеу барысында ер адамның кешкі уақытта Құдайбердіұлы көшесіндегі шағын кафеде ішімдік ішкені анықталды. Мекеме қызметкері келушіге қызмет көрсету кезінде оның барсеткасында қолма-қол ақша бар екенін байқаған. Ақшаны иемдену мақсатында ол клиенттің артынан сыртқа қарай бет алып, оған жақындап барып, мойнынан қылқындыра бастаған. Содан кейін қаскүнем ер адамның қолынан барсеткасын жұлып алып, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының жедел қызметкерлері Қарағанды қаласында тонау қылмысына қатысы бар күдікті азаматты ұстады. Ол Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталған ер адам мойындау көрсетпелерін берді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың Астана аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл