Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шетелдік тауарларға онлайн тапсырыс беру енді қымбаттауы мүмкін
Жаңалықтар

Шетелдік тауарларға онлайн тапсырыс беру енді қымбаттауы мүмкін

25.06.2025
1 мин
0
235
Сурет: megagroup.ru

Еуразиялық экономикалық одақ елдері сыртқы электрондық сауданы реттейтін Кеден одағы келісіміне түзетулер енгізуді бастап кетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәжілістің пленарлық отырысында қабылданған заңда "электрондық сауда операторы" түсінігі мен кедендік рәсімдеудің жаңа түрі – электрондық сауда декларациясы енгізілетіні көрсетілген.

Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, енді үшінші елдердің интернет-алаңдарынан халықаралық пошта арқылы жеке тұлғаларға жіберілетін тауарлар жеке санат ретінде қарастырылып, электрондық сауда тауарлары деп белгіленеді. Осыған байланысты жаңа кедендік рәсімдер қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, мұндай тауарларға салық салу тәртібі де өзгереді. Жаңа ережеге сай, кез келген сомаға сатып алынған тауар үшін сатып алушы елдің заңнамасына сәйкес қосымша құн салығы (ҚҚС) ұсталады. Егер тауар құны 200 еуродан асатын болса, сатып алушы қосымша 5% мөлшерінде импорттық кедендік баж салығын төлеуге міндетті болады.

Министр түсіндіргендей, қазіргі уақытта шетелдік интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар жеке пайдалану санатына жатады және тек баж салығысыз әкелу нормалары бұзылған жағдайда ғана декларацияланады. Мұндай тауарлар сауда айналымына кірмейтіндіктен, ресми статистикада көрініс таппайды.

Осы себепті, электрондық сауда арқылы келетін тауарларды декларациялау олардың нақты көлемін есептеуге және толыққанды статистика жүргізуге мүмкіндік береді, – деді министр.

Мәжілістің салалық комитетінің қорытындысында жеке тұтынуға арналған тауарлар құны 200 еуродан (шамамен 120 мың теңге) немесе салмағы 31 келіден асқан жағдайда ғана бұрын декларацияланғаны атап өтілген. Енді, жаңа заңға сәйкес, электрондық сауда арқылы келген барлық тауар көлемі міндетті түрде декларацияланатын болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл