Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ШҚО-да туристік орындар мен өнеркәсіп орталықтарына апаратын барлық жол жөнделеді
Жаңалықтар

ШҚО-да туристік орындар мен өнеркәсіп орталықтарына апаратын барлық жол жөнделеді

30.09.2024
1 мин
0
237
Сурет: Көлік министрлігі

Шығыс Қазақстан облысында туристік орындар мен өнеркәсіп орталықтарына апаратын барлық жол жөнделеді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2025 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп орталықтары мен туристік нысандарға апаратын 400 шақырымға жуық жол қалпына келтіріледі. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев облыс тұрғындарымен кездесуде айтты.

Мемлекет басшысы республика бойынша кемінде 10 мың шақырым жолды қамту үшін орташа жөндеу бағдарламасын кеңейтуді тапсырды. Сапа – басты басымдық. Барлық өңірде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдар анықталды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп орталықтарына апаратын жолдар: яғни Алтайға, Шемонаихаға, Серебрянскқа апаратын жолдар жөнделеді. Сондай-ақ Марқакөл, Рахманов бұлағы және Катонқарағай туристік нысандарына апаратын жолдар да жөндеуден өтеді, - деді министр.

Сондай-ақ биылдан бастап Өскемен мен Семей қалаларын байланыстыратын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жол 2026 жылға дейін толық жөндеуден өтеді. Мамандар қазірдің өзінде бірқатар учаскені жөндеуде (Таврическое ауылы мен Ново-Азовское ауылына бұрылыс), қалғандары 2025-2026 жылдары қамтылады.

Сонымен қатар министрліктің хабарлауынша, келесі жылы Катонқарағай ауданы мен Марқакөл өңірін байланыстыратын Ескі австриялық жолы орташа жөндеуден өтеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл