488.59
564.37
6.79
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ШҚО-дағы сегіз ауыл 13 жылдан бері газға қол жеткізе алмай келеді
Жаңалықтар

ШҚО-дағы сегіз ауыл 13 жылдан бері газға қол жеткізе алмай келеді

10.06.2026
мин
4
148
Сурет: КазТАГ

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы сегіз ауылдың тұрғындары табиғи газға қосылуды 13 жылдан бері күтіп келеді. Газ құбыры тартылғанымен, жоба түрлі кедергілерге байланысты аяқсыз қалған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Зайсан ауданындағы Дайыр, Біржан, Сарытерек, Көкжыра, Сарыжыра, Қуаныш, Жарсу және Бақасу ауылдарының тұрғындары әлі күнге дейін көмір жағып отыр. Айтуларынша, газ құбыры елді мекендердің маңына дейін жеткізілгенімен, үйлерді жүйеге қосу мәселесі шешілмеген.

Салдарынан ауыл халқы қыс сайын көмір тасып, пеш жағып, күл шығаруға мәжбүр. Тұрғындар көп жылдан бері күткен газдандыру жұмыстарының аяқталуын талап етеді.

Жергілікті әкімдік өкілдерінің мәліметінше, жоба бірнеше жыл бойы сот процестері мен құжаттарды қайта әзірлеу жұмыстарына байланысты тоқтап қалған. Қазіргі уақытта газдандыру жобасы қайтадан мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Зайсан аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Жүрсіновтің айтуынша, бұған дейін жобаны түзетуге рұқсат алу да қиын болған. Оған газ қорына қатысты мәселелер мен өзге де себептер әсер еткен. Қазір жоба бойынша алға жылжу байқалады және ол сараптама қарауына жолданған.

Алдын ала есеп бойынша газдандыру жұмыстарының құны шамамен 4 миллиард теңгені құрайды. Сараптама қорытындысынан кейін нақты сома қайта қаралуы мүмкін. Қаржыландыру мәселесі де сол қорытынды негізінде шешілмек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
н
назгул 10.06.2026
арыс қаласы теміржолшы лесхоз елді мекеніне де газ кірсе ауыл аимақтарды колға алса жолда толық төселенібеді халықтың жағдайын жасаса халық көшіп барар еді балалар ойнайтын алаңша салынса кішкене үкімет тарапынан қолдау болса жақсы болар еді
Жауап беру

Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл