Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды

16.06.2023
3 мин
0
958

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еңбек жолы:

1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.

1989-1994 жылдар аралығында аталған министрлікте әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен.

1994–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президенттің Протоколдық қызметінің басшысы болған.

1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Сыртық істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.

1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған.

2000–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2010–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.

2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.

2018–2020 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Фото: Ақорда

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл