Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкент әкімі азық-түлік бағасының қымбаттау себебін түсіндірді
Жаңалықтар

Шымкент әкімі азық-түлік бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

14.02.2021
1 мин
0
1159

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде дәстүрлі тікелей эфирде тұрғындармен жүздесті. Қала әкімі бұл жолы азық-түлік бағасын тұрақтандыру, бағаны реттеу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Otyrar.kz-ға сілтемемен Dauletten.kz.

Жалпы тақырыпқа қатысты тұрғындардан 130-дан астам пікір қалдырылған. Қала әкімі шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру іс-шараларынан хабардар етіп, тұрғындар сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, азық-түлік бағасының қымбаттау себебін де түсіндіріп өтті.

Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен эпидемиологиялық жағдайдан хабардар етті. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелді. Бүгінде қалада 1 060 төсек – орын бар (жұқпалы – 560, карантин – 500), оның 889 төсек-орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 171 науқас ем қабылдауда немесе толымдылығы 16 %. Шымкент қаласында алғашқы 9 күнде егу бөлмелерінде коронавирус инфекциясына қарсы 705 медицина қызметкері вакцинацияланды.

Шымкентте қазіргі таңда нарықта жұмыртқа, күнбағыс майы және құмшекер тауарларының бағасы қымбаттаған. 2020 жылдың қазан айынан бастап жұмыртқаның бағасы 305 теңгеден 378 теңгеге (10 данасы), 23,9 %-ға өскен. Оған тауық азығының орта есеппен 40 %-ға өсуі және құс тұмауына қарсы вакциналардың 61 %-ға қымбаттауы себеп болып отыр.

Осыған байланысты 1 санатты жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорынан «Шымкент құс» тауар өндірушісіне 200 млн теңге айналымға қарыз қаражат берілді. Өндіруші кәсіпорынның өнімдері қазіргі таңда «Грамад», «Фиркан» сауда желілерінде 10 данасы 322 теңгеден сатылуда.

Ал 2020 жылдың қазан айынан бастап күнбағыс майы 469 теңгеден 599 теңгеге, 27,7 %-ға қымбаттаған. Өндірісте пайдаланатын шикізаттың қымбаттауы (күнбағыс тұқымы көлемінің азаюы) бағаның өсуіне әсері еткен.

Қала әкімі шаһарда өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысына жалпы 4,2 млрд теңге қаралғанын атап өтті. Яғни, сауда нысандарға айналымға қарыз қаражат берілуде. Атап айтқанда, «Фиркан» сауда желісіне (15 нысан) 300 млн теңге, «Turar» ЖШС-не 505 млн теңге, «Шымкент құс» ЖШС-не 200 млн теңге, «Грамад» сауда желісіне (4 нысан) 800 млн теңге, «Юпекс» ЖШС-не 500 млн теңге, «Hermes» ЖШС-не 28 млн теңге қарыз қаражаты берілді.

Сондай-ақ, қала аумағының тығыз орналасқан аймақтарында әлеуметтік дүкендер ашу, сауда нысандарына мониторинг жүргізу, жәрмеңкелер ұйымдастыру жұмыстары атқарылуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл