Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тұрғындардың айтуынша, құжат жасап беруін сұрап тиісті мекемелерге талай барыпты. Ал жауаптылар «өздерің заңсыз кіріп алғансыңдар» деп кері қайтарып жіберген. Шымкенттің Тассай елдімекенінде 350-ге жуық тұрғын апатты жағдайдағы жатақханада тұрып жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
3-топ мүгедегі Айжан Елшиева жатақханада 20 жылдан бері тұрып келеді. Ол алғаш көшіп келгенде бұл аумақ Сайрам ауданына қарамағында болған. 10 жыл өтсе де, қазір Тассай елдімекеніндегі жатақхана тұрғыны әлі күнге дейін құжатсыз жүр. Қандай да бір мемлекеттік қызмет түрін алу үшін тұрғылықты мекенді растайтын құжат сұрайтыны белгілі. Сол үшін тұрғындардың ендігі талабы – талай жыл мекен еткен үйдің заңды иесі атану.
80-нен астам отбасы тұратын жатақханаға бүгінге дейін табиғи газ да кірмеген.
«Құжат жоқ, тұрғын үйге ешкім тіркелмеген. Өзіміз кәріз құбырын жасадық, төбесін де жауып алдық», – деді қала тұрғыны Ләззат Ортаева.
«Жатақхананы сыртын жөндеп, төбесін жауып, күрделі жөндеу жұмысын жасап берсе жақсы болар еді. Көпбалалылар, жесірлер, жетімдер, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Көгілдір отын қосылмаған», – деді қала тұрғыны Тұрдықыз Омарова.
Мұндағы халық су, жарық, қоқыс үшін ай сайын тұрақты түрде ақша төлеп отырады. Олар осы уақытқа дейін жағдайымызды біліп бірде-бір жауапты маман, не аудан әкімдігінің өкілдері келмегенін айтады. Ал жатақханаға жауапты қалалық тұрғын үй басқармасының өкілдері болса, керісінше тұрғындармен ұдайы байланыста екенін алға тартты.
фото: zakon.kz