Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 1Alarko Holding1 түрік компаниясының вице-президенті Шахин Аббаспен кездесті. Кездесуге қатысушылар құны $650 млн болатын қызанақ өсіру бойынша ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру барысын талқылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкентте 2025 жылдың соңына дейін екі кезеңде жылыжай кешені мен өнімді қайта өңдейтін цех салынбақ. Алғашқы кезеңде – 45 гектар, екінші кезеңде – 130 гектар аумақ қамтылады. Толық қуатқа жеткенде кешен жылына 51 мың тонна өнім өндіре алады. Өнімдер ішкі нарықпен қатар Ресей, Катар және БАӘ-ге экспортталады деп көзделіп отыр.
Кәсіпорында шамамен 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Компания сонымен қатар Шымкентте жылыжайларға арналған құрылымдар шығаратын зауыт ашуды жоспарлауда, бұл құрылысты жеделдетуге мүмкіндік береді. Жоба аясында ауыл шаруашылығы мамандарын халықаралық стандарттарға сай даярлайтын мамандандырылған академия құру жоспарланып отыр.
Жобаға қатысты тараптар инвестициялық келісімнің жобасы мен шарттарын талқылап, мемлекеттік қолдау шараларын қарастырды.
Серік Жұманғарин инвесторға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, ауыл шаруашылығындағы басқа да маңызды бағыттарды, соның ішінде астық, қант қызылшасы, теріні терең өңдеу салаларын дамыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.