Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкентте ректор қамауға алынды
Жаңалықтар

Шымкентте ректор қамауға алынды

09.10.2024
1 мин
0
96
Сурет: auezov.edu.kz

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетовтің ұсталуына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Tengrinews.kz-ке cілтеме қалдырып.

Ректорға қатысты тергеуді Шымкент экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. 

Шымкент бойынша Экономикалық тергеу департаменті Оңтүстік Қазақстан университетінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлады ҚМА.

Агенттік соталды тергеп-тексеру деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы шеңберінде жария етілмейтінін қосты. Олар прокурордың рұқсатымен, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты болмаса, мүмкін деп танылатын көлемде ғана жария етілуі мүмкін.

Ресми деректерге сүйенсек, Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовке қатысты кепіл мөлшерін айқындамай, екі ай мерзімге, яғни 2024 жылғы 18 қыркүйектен 2024 жылғы 18 қарашаға дейін "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Осыған ұқсас бұлтартпау шарасы тағы екі күдікті Т. Б. мен Б. У-ға қатысты таңдалған.


Еске салайық, қыркүйектің аяғында Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл