Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұрайдың қазасы: Тоқаевтың қатаң бағалауынан кейін полиция басшылары қызметтен кетті
Жаңалықтар

Нұрайдың қазасы: Тоқаевтың қатаң бағалауынан кейін полиция басшылары қызметтен кетті

20.01.2026
мин
0
84
Сурет: Ulysmedia

Шымкент қаласында жас қыздың қаза табуымен аяқталған аса ауыр қылмыстан кейін полиция жұмысына қатысты қызметтік және процессуалдық тексерістер басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Марқұм Нұрайдың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс қоғам назарын аударды. Осыған орай ҚР Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасы қызметкерлерінің марқұмның туыстарының өтініштерін тиісті деңгейде қарамауы мүмкін деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Қылмыстық іс аясында полиция тарапынан жедел әрекет етпеу, уақтылы шара қабылдамау және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау фактілері жан-жақты тексеріледі. Тергеу қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі.

Сонымен қатар аталған оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді. Тексеру нәтижесінде басқарушылық жауапкершілік негізінде бірқатар тәртіптік шара қабылданды. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі олқылықтар үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы мен оның бірінші орынбасары атқаратын қызметтерінен босатылды. Бірқатар лауазымды тұлға ішкі істер органдарындағы қызметінен шығарылды.

Айта кетейік, бұл іс Мемлекет басшысының да назарын аударды. Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ісіне тоқталып, құқық қорғау органдарының жауапкершілігін күшейту қажеттігін атап өтті.

Еске салайық, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Шымкент қаласында болған. Күдікті марқұмды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтаған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. Полиция мәліметінше, күдікті мен марқұм бір-бірін бұрыннан таныған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл