Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласындағы аттракциондар саябағында шыққан қызыл жалын ауыздықталды - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ведомствоның ақпаратынша, әл-Фараби ауданындағы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан аттракциондар саябағының аумағында төбе астындағы ойын автоматтарында өрт пайда болып, екі қабатты мейрамхананың шатыры мен екі кеңсе бөлмелеріне тараған.
- Өрт сөндірушілер жалпы алаңы 230 шаршы метрді қамтыған өртті өшірді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.