Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жыл басынан бері елімізде 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткі анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.
«Тәркіленген синтетикалық препараттардың көлемі артып келеді. Егер 2018 жылы жалпы 5 келі жаңа психоактивті зат тәркіленсе, былтыр бір тоннадан астам тәркіленді. Ал биыл үш айда 225 келі синтетикалық есірткі табылды. Жалпы, биылғы бірінші тоқсанда 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткі анықталып, оның ішінде 946 келі марихуана, 237 келі гашиш бар», - деді Ш. Алекешев министрліктің апталық баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап бақылаудағы тізімге жаңа психоактивті заттарды енгізу тетігі жеңілдетілді.
«Атап айтқанда, бұрын бір затты есірткі ретінде тану үшін заңға өзгеріс енгізу қажет еді. Сол себепті бұл процесс 1-2 жылға созылатын. Ал оған дейін есірткінің жаңа түрлері пайда болып үлгеретін. Енді есірткілер тізімі Үкіметтің қаулысымен реттеледі. Сонымен қатар, қазір біз осы мәселе бойынша ведомствоаралық келісу рәсімін жеңілдетіп жатырмыз. «Синтетиканың» жаңа түрлерін есірткі ретінде тез тану жедел әрекет етуге және қылмыскерлерді жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Сол уақыттан бастап тізімге 125 жаңа психоактивті зат пен 29 прекурсор енгізілді. Синтетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын 19 жабдықтың атауы мемлекет бақылауына алынды», - деді ресми өкіл.