Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сирияда Қазақстан азаматтары бар ма?
Жаңалықтар

Сирияда Қазақстан азаматтары бар ма?

19.12.2024
1 мин
0
314
Сурет: AP Photo/Ghaith Alsayed

2024 жылғы 19 желтоқсанда Сенатта өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қазақстандықтардың Сирияда қалып қою себептерін түсіндірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Спикердің айтуынша, Сирияда шамамен 33 Қазақстан азаматы тұрып жатыр, олардың басым көпшілігі – әйелдер. Бұрын олар сириялық азаматтарға тұрмысқа шығып, бала сүйген. Төңкеріс басталғанда консул олармен байланысып, оралу жоспарларын анықтауға тырысқан.

- Қазіргі уақытта біз Сирия мен Таяу Шығыс елдеріндегі азаматтарымызбен тұрақты байланыстамыз. Қайтуға ниет білдіргендерге барынша көмек көрсетудеміз. Өткен жылы бірнеше рет эвакуация ұйымдастырдық. Қайтуға шешім қабылдағандар елге оралды, ал қалуды таңдағандар сол жерде қалды. Дегенмен, біз олармен үнемі байланыста боламыз, – деді Бақаев.

Ол сондай-ақ Таяу Шығыс пен Газа секторынан 129 адамның, Ливаннан 69 азаматтың эвакуацияланғанын атап өтті.

- Біз негізінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялап жатырмыз. Бірақ олардың арасында басқа елдердің азаматтығы бар балалар да бар. Олар ата-аналарымен бірге елге оралды, – деп түсіндірді ол.

Еске салайық, Сирияда мемлекеттік төңкеріс басталғанына бір аптадан асты. Бұған дейін құқық қорғаушылар ескі режимнің қылмыстарына қатысты айғақтар, бұрынғы билік басшыларының жауларының қайда және қандай жағдайда ұсталғаны туралы, сондай-ақ елдегі қазіргі ахуал жөнінде хабарлаған болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл