Жаңалықтар
Сіздің жетістігіңізге арналған 50 мақсат
Жаңа жылдың алғашқы күндері басталып кетті. Егер сіз әлі де өз мақсаттарыңызды айқындап, арнайы жоспар құрмаған болсаңыз, бұл тізім сіз үшін. 2022 жылы жетістікке жету жолын айқындап, өзіңізді дамыту жолын іздеп, осы жылды қызықты әрі пайдалы өткізіңіз. Олай болса, сіздердің назарларыңызға жетістікке жетудің 50 жолын ұсынамыз.
- Баспана алуға әрекет жасау
- Өзіңізге қызықты 21 кітап оқу
- Тіл курстарына жазылу
- Парашютпен секіру
- Бір апта әлеуметтік желіден бас тарту
- 10 пайдалы кино көру
- Таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдыру
- Сурет салу
- Театр, көрме, опера, балетке бару
- Бес түрлі елден бес дос табу
- Күн сайын үш адамға алғыс айту
- Жаңа ас түрлерін дайындап үйрену
- Жаңа спорт түрімен айналысу (теннис, шаңғымен сырғанау, жүзу)
- Тәулігіне 50 км велосипедпен жүру
- 30 күн ішінде 22.00-де ұйықтап, таңғы 5-те ояну
- Шетелге саяхатқа шығу
- Жаман әдеттерден арылу
- Қаржылық сауатты арттыру бағытында кітаптар оқу
- Тапқан табысыңызға есеп беру
- Қайырымдылық жасау
- Несие, қарыздардан құтылу
- Курстарға қатысып, білім жинақтау
- Ашық аспан астында пикник ұйымдастыру
- Отбасылық фотосессия жасау
- Жақын жандармен табиғат аясында демалыс өткізу
- Өзіңіздің 100 арманыңыздың тізімін жазу
- Аудиокітап, подкаст тыңдау
- Ұйықтар алдында ертеңгі күнді жоспарлау
- Досыңыздың, танысыңыздың білім алуына көмек көрсету
- Досыңызға себепсіз сыйлық жасау
- Балаңызбен уақытты пайдалы өткізу, жаңа ойын түрлерін ойластыру
- Концертке бару
- Өзіңіз барғыңыз келіп жүрген мейрамханадан кешкі ас ішу
- Ағылшын тілінде кино көру
- Ораторлық шеберлік курстарына қатысу
- Кәсіп бастау
- Өзіңіздің қорқынышыңызды жеңу
- Жақындарыңызға кешірімді болу
- Әр айға жоспар құру
- Тайм-менеджмент дағдыларын үйрену
- Табыс көзін арттыру
- Күн сайын шет тілінде 5 сөз жаттау
- Күніне 1,5-2,5 литр су ішу
- Дұрыс тамақтану
- Таңның атуын теңіз жағасында қарсы алу
- Мінезіңіздегі 5 жағымсыз қасиетті анықтап, оны жағымды жаққа түзетуге тырысу
- Отбасыңыз үшін мерекелік кеш ұйымдастырыңыз
- Көптен бері көрмеген таныстарыңызбен кездесу
- Телефонды қолдану уақытын азайту
- Күнделік бастап, ойларыңызды қағаз бетіне түсіру
Бір жылға арналған 50 мақсаттан тұратын бұл тізім сіздің жылыңызды есте қаларлықтай етеді! Ал сіз осы жылға жоспар құрдыңыз ба? Сіздің тізіміңізде қандай мақсат бар? Пікірге бөлісіңіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісу