| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алаяқтар айлаға жақсылап кіріседі. Олар құрбанына хабарласып, «Мерекесіне орай сізге сыйлық бар, жеткізу үшін мекенжайыңызды айтыңызшы» деп сенімге кіреді. Әңгіме барысында банк картасының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды сұрап, сол арқылы азаматтардың есепшотындағы қаржыны иемденуге әрекет жасайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция тұрғындарға сақ болуды ескертіп, мына жайттарды есте сақтауға шақырады:
Жеке мәліметтерді ешкімге жария етпеңіз;
Банк картасының нөмірі, CVV-код және SMS арқылы келетін бір реттік код – құпия ақпарат;
«Курьер», «банк қызметкері» немесе «сыйлық жеткізу қызметі» атынан хабарласқан бейтаныс адамдарға сенбеңіз;
Күмән туындаса, ресми нөмірге өзіңіз хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін тексеріңіз;
Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз.
Егер алаяқтарға алданып қалған болсаңыз, ең алдымен банк картасын дереу бұғаттап, банкке хабарласу қажет. Одан кейін полицияға шағым түсіру керек.
Құзырлы органдар тұрғындарды бұл ақпаратты жақындарына, әсіресе ата-аналары мен ата-әжелеріне ескертуге шақырады. Себебі мереке күндері алаяқтар көбіне адамдардың сенгіштігін пайдаланып, құпия деректерді өз еркімен айтқызуға тырысады.