Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Парламент мәжілісінің кезекті отырысында депутат Дәулет Мұқаев жоба аясында Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударған отбасыларға сапалы, екінші деңгейлі нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қоныс аударған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға үй құнының 50%-ын, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын сомада қаржы беріледі. Бұл қоныс аударушыларға үлкен көмек. Әйтсе де, Үкімет тарапынан салған баспананың сапасыздығына арызданған жандар өте көп. Жаңадан салынған үйлердің сапасыз екенін ескере отырып, мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі нарықтан тұрғын үй сатып алу немесе өздеріне үй салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», - деді депутат Дәулет Мұқаев.
фото: azattyq-ruhy.kz