Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойына қанша сыйақы беріледі?
Жаңалықтар

Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойына қанша сыйақы беріледі?

11.07.2023
1 мин
0
759
Ашық дереккөзден

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар мына спортшылар мен жаттықтырушыларға тағайындалады:

- Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға;

- Осы спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға.

«Бір спортшыны дайындағаны үшін материалдық қамсыздандыру бір жаттықтырушыға төленеді. Спортшы белгіленген талаптарды қайталап орындаған жағдайда материалдық қамсыздандыру басқа жаттықтырушыға да төленеді. Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді», - делінген құжатта.

Аталған ереже талабына сай келетін спортшылар мен жаттықтырушылар өмір бойына алатын төлем келесідей:

- Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға – 100 айлық есептік көрсеткіш (345 000 теңге);

- Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға – 100 айлық есептік көрсеткіш (345 000 теңге).

Ресми түрде жарияланған бұйрық 15 шілдеде күшіне енеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл