Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Солтүстік Қазақстан облысында 1,5 млрд теңгенің өндірісі ашылмақ. Бұл туралы өңірлік әкімдікте хабарлады.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Мамлют ауданында ағаш жаңқа плиталарын шығаратын зауыт ашу жоспарланған. Инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды.
Жоба 2020-2022 жылдары аралығында жүзеге асырылады. Зауытта жылына 30 мың текше метр плита шығару қолға алынады. Жобаны іске қосу барысында 80 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Еске сала кетейік, өңірде фармацевтикалық зауыт ашылады. Жобаны іске асыру құны 15 млрд теңгеге бағаланған. Ақпаратқа сәйкес, зауыт толық өндіріс циклі бар дәрілік заттарды шығарады.
Сонымен қатар, 2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысында қағаз өнімдері өндірісіне миллиардтаған қаржы бөлінбек.