Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысында 1-4 сынып оқушыларына түскі ас тегін беріледі. Аталмыш ақпаратты облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өңір басшысының айтуынша, ыстық тамақпен Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарының бастауыш сынып оқушылары қамтылады. Бұл көптеген жанұялардың бюджетін үнемдеуге септеген тигізеді. Бұған дейін аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылған болатын.
Айта кетсек, бүгінде мектеп асханаларында түскі астың бағасы – 500 теңге. Алайда, оны күнделікті беруге әр ата-ананың қалтасы көтере бермейді.
Фото: turkystan.kz