| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазіргі таңда алаяқтар азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеуге тырысуда. Осындай жағдайлардан қорғанудың қарапайым және тиімді жолы – «Стоп-кредит» сервисін қосу, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Fingramota дерегі бойынша, қазірдің өзінде 5,1 миллионнан астам қазақстандық бұл қызметті пайдаланып жүр. Қызмет қосулы болса:
банк немесе микроқаржы ұйымдары сіздің атыңызға несие бере алмайды;
өтінімдер автоматты түрде кері қайтарылады.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап заңнамаға енгізілген түзету бойынша, егер сервис қосулы болса, бірақ алаяқтар атыңызға несие рәсімдесе, жауапкершілік банкке жүктеледі. Бұл жағдайда қарыз сіздің мойныңызға салынбайды.
Сервисті қосу үшін:
eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;
«Несие алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдаңыз;
ЭЦҚ арқылы растаңыз.
Мамандар ескертеді: алаяқтар кейде қызметті қашықтан қосып береміз деп сілтеме жіберуі мүмкін. Бірақ бұл тек сіздің жеке қосымшаңыз арқылы іске асады. Сондықтан тек ресми жолмен қосу керек.