Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Республикалық қоғамдық штабта Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке кандидат ретінде сөз сөйлеп, білім беру мекемелеріне қатысты жоспарымен таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауда жеңіп шықса, білім беру ордаларына жағдай жасайтынын алға тартты.
– Колледждер, мектептер, балабақшалар дабыл түймелерімен және бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Студенттердің шәкіртақысы екі есе артады. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі. Қазақстандық студенттер әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізе алады, – деді Тоқаев.
Ол әр оқушыға оқу материалдары қолжетімді ететін карта беріледі, соның көмегімен төлем жасап, оқу ордасына кіріп, ауыр сөмке арқаламайтынын айтты.