Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті соңғы 9 айда 11 мекемеде аудиторлық тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жамбыл облысындағы "Қазсушар" филиалында жүргізілген тексеру нәтижесінде су ресурстарын заңсыз пайдалану бойынша шамамен 10 заң бұзушылық және шаруалармен суармалы су жеткізу келісімшарттарын жасаудағы тәртіп бұзушылықтар анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша филиал директоры мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды.
Сонымен қатар филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшыларына қатаң сөгіс жарияланды.
Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты барлық материалдар Бас прокуратураға жіберілді.