Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Су тапшылығы: Астанада ауыз сумен қамтамасыз ету қысқарады
Жаңалықтар

Су тапшылығы: Астанада ауыз сумен қамтамасыз ету қысқарады

28.03.2023
1 мин
0
1130

«Астана су арнасының» мәліметінше, елордада халықтың өсуіне және жаппай құрылысқа байланысты су тапшылығы байқалады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Қала халқының өсуіне және құрылыстың қарқынды салынуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта «Астана су арнасы» су қысымын реттеу шараларын қабылдауға мәжбүр. Барлық тұтынушылардан сіздің үйіңізге келетін судың сапасы мен мөлшеріне теріс әсерін азайту үшін суды ұтымды пайдалануды сұраймыз», – деді кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Сумен қамтамасыз ету келесідей режиммен жүреді:

  • 4.30-дан 9.30-ға дейін – су қысымы жоғары режимде болады;
  • 9.30 - дан 12.00-ге дейін – төмен қысымда;
  • 12.00 - ден 14.00-ге дейін – жоғары қысымда;
  • 14.00 - ден 18.00-ге дейін – төмен қысымда;
  • 18.00-ден 0.00-ге дейін – жоғары қысымда;
  • - ден 4.30-ға дейін – төмен қысымда.

Мұндай режим жаңа сорғы-сүзгі станциясы (ССС) іске қосылғанға дейін сақталады. 9 наурызда елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қалада жөндеу жұмыстарын жариялады. Оның айтуынша, маңызды бағыттардың бірі – тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі нысандарының құрылысын аяқтау.

Сорғы-сүзгі станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Оның қуаттылығы тәулігіне 105 мың м3 бүкіл қаладағы сумен жабдықтау жүйесінің қуатын арттырады. Жаңа ССС құрылысын 2023 жылдың жазында аяқтауды жоспарлап отыр.

фото: snus-outlet.ru

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл