Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сырым Шәріпханов Семейдегі орман өртінің қашан сөндірілетініне болжам жасады
Жаңалықтар

Сырым Шәріпханов Семейдегі орман өртінің қашан сөндірілетініне болжам жасады

12.06.2023
1 мин
0
432

Сырым Шәріпханов ТЖ орнындағы күштер мен құралдардың жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz порталы ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.

"Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар. Алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті", - деді министр.

Өрт басталғалы бері барлығы 1017 рет көлемі 3000 тоннадан астам су ағызылды.

Министр шығыс бағытта өрттің белсенділігі байқалғанын, дегенмен авиациялық техникамен және жерүсті топтармен жану ошақтарын жоюға нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.

"Орман өртін сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-нен 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылды. Сондай-ақ өрт ошақтарына су төгу үшін су ағызу құрылғылары бар 12 тікұшақ және өрт аумағын аэровизуалды тексеруді жүзеге асыру үшін 2 тікұшақ тартылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1017 рет көлемі 3000 тоннадан астам су ағызылды" делінген ТЖМ ақпаратында.

Қазіргі уақытта жедел штабтың деректері бойынша өрттің жалпы көлемі 60 000 га құрайды, оның 43 000 га жану ошақтары байқалады.

«60 мыңнан асқан еді, алайда жеке құрам жұмыс істеуде, өртті сөндіріп жатыр. Осылайша, жану аумағы да қысқарды. Болжам бойынша, бірнеше күн ішінде өртті ауыздықтап, сөндіруіміз керек», - деді министр.

Фото: arnapress.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл