| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаз қайтыс болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бас прокуратура алдын ала мәлімет бойынша, ол снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген деп хабарлады.
- 27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында, – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жалғасуда.