Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Мәжілісте Көлік министрі Марат Қарабаев жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу ұйымына беру мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құжатты талқылау барысында Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов заң жобасын сынға алып, министр Қарабаевқа үн қатты.
- Бізде кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға тиісті бір емес, екі палата бар, егер мен қателеспесем. Жолаушылар тасымалы - бұл шағын бизнес. Неге олар өздерін өздері реттей алмайды? Неліктер біз бәріне жеке қожайын табуымыз керек?" - деп наразылығын білдірді депутат.
Зайытов сонымен қатар жиі таксимен жүретінін және жүргізушілердің шағымдарын естігісі келмейтінін айтты.
- Таксистер – шулы қауым. Біз таксимен жиі жүреміз, егер ертең олар шу шығара бастаса, кім көрінгеннен ұнамсыз сөздер естігім келмейді. Олар дүрбелең жасаса, жауапкершілікті мойныңызға аласыз ба? - деп депутат министр Қарабаевқа сұрақ қойды.
Министрдің айтуынша, таксистер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі болғаннан кейін өз құқықтарын қорғау үшін талаптар қойып, олардың орындалуын талап ете алады.
- Мемлекеттік орган басшысы ретінде мен жауапкершілікті мойныма аламын. Біз бірнеше рет министрлікте таксистерді жинадық. Шынымды айтсам, ірі интернет-агрегаторлардың қасында олардың құқықтарын қорғауға ешкім қалған жоқ. Қазіргі уақытта ресми түрде 10 мың адам такси қызметінде жұмыс істейді. Осылайша, өзін-өзі реттейтін ұйым соңында қарапайым қазақстандық жүргізушілердің мүддесін қорғауға бағытталады, - деп жауап берді Қарабаев.
Осыдан кейін министрге Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов үн қатты.
- Жауапкершілік алу үшін, таксиде өзің жүруің керек. Солай ма, министр мырза? Депутат Зайытов, сіз де таксимен жүресіз бе? - деп сұрады Қошанов.
Жауап ретінде депутат Зайытов жиі таксимен жүретінін айтты.