| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорғанда 2008 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адам қолға түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция мәліметінше, ол есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеуге қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Құзырлы орган өкілдері мұндай қылмыс үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін айтты. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.