Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорғанда екі әлеуметтік дүкен ашылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төменгі үстеме бағамен бағамен сатылады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мұнда Жетісу облысының тұрақтандыру қорының және «айналым схемасына» қатысушы өндірушілердің тауарлары сатылады. Дүкендердегі сату бағасы нарықтық бағадан орта есеппен 10%-ға төмен. Мысалы, қант құны 425 тг/кг (нарықтық – 483 тг/кг), күнбағыс майы 740 тг/кг (нарықтық – 931 тг/кг), күріш 340 тг/кг (нарықтық – 496 тг/кг).
Жақын арада облыс орталығында тағы да осындай дүкендер ашу жоспарлануда.
«Бүгінгі таңда 2022-2023 жылдарға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және «айналым схемасын» жүргізуге 4 млрд теңге бөлінді. Маусымнан тыс уақытта көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін 736 тонна картоп пен 169 тонна сәбіз жеткізу туралы келісімге қол қойылды. «Айналым схемасы» шеңберінде 9 тауар өндірушімен және 2 сауда субъектісімен сауда желілеріне азық–түлік тауарларын өндіру және жеткізу бойынша шарттар бар», – деп атап өтті «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты" басшысы Данияр Айқынбаев.
фото: «Жетісу» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Өңірлік даму институты