Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Журналист Асхат Ниязовқа сұхбат беріп, Талғардағы қылмыстық әрекеттер мен "Хуторский" қылмыстық тобы туралы айтқан жергілікті тұрғынды полиция ұстап, жындыханаға алып кеткен, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазіргі уақытта полиция Талғардағы "хуторлықтар" туралы айтқан кейіпкерлердің бірін ұстады. Оны психиатриялық ауруханаға апарып жатыр, – деді Асхат Ниязов.
Журналист қатыгездікпен өлтірілген жасөспірім Шерзат Болаттың көршісімен бірге бұрын "Хутор" деп аталған Рысқұлов ауылына барған. Сыртта қауіпті болғандықтан сұхбат көліктің ішінде жазылған.
Тұрғын сұхбат барысында "Хуторский" ұйымдасқан қылмыстық тобы бар екенін жеткізіп, олардың әрекеттері туралы айтқан. Алайда журналист кейіпкерінің өзі бұрын сотты болғанын ескертіп, айтқандарына сену-сенбеуді көрерменнің қалауына қалдырған.