Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тәліптер Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салды
Жаңалықтар

Тәліптер Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салды

12.05.2025
1 мин
0
244
Сурет: unn.ua

Тәліптер шахматты "құмар ойындар" қатарына қосты. Осылайша Ауғанстанда шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ауғанстанның спорт департаментінің өкілі Атала Машвани мәлімдегендей, "Талибан" қозғалысының бақылауындағы елде шахмат ойнау ресми түрде тыйым салынған.

Машванидің айтуынша, шахмат — тәліптер 2024 жылы қабылдаған "Ізгілікке үндеп, жамандықтан тыю туралы заңына" сәйкес тыйым салынған құмар ойындардың қатарына жатады.

Бұл шешім — Тәліптер 2021 жылы билікке қайта оралғаннан бері жүргізіп келе жатқан құқықтар мен бостандықтарды шектеу саясатының жалғасы. Бұған дейін Ауғанстанда музыка, кино, әйелдерге білім алу және қоғамдық өмірге қатысу да тыйым салынған болатын.

Айта кетерлігі, Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты басқа мұсылман елдерінде шахмат ойнауға рұқсат етілген және ол мемлекеттік деңгейде қолдау табуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл