Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шабуыл таңертең Алматының Алмалы ауданында болды. Полицейлер супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады. Тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен.
Қаскөйдің олжасы 400 мың теңге болды.
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатовтың сөзінше, қаскөй өзінің бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Қаскөйдің шабуылды жоспарлағаны және үлкен пайдаға үміттенгені белгілі болды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Газ тапаншасы тәркіленді