Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тарихи оқиға: Қазақстанда алғаш рет вольфрамды өңдейтін зауыт іске қосылды
Жаңалықтар

Тарихи оқиға: Қазақстанда алғаш рет вольфрамды өңдейтін зауыт іске қосылды

03.11.2024
1 мин
0
247

Қазақстан тарихында алғаш рет вольфрамды өңдейтін зауыт іске қосылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы вольфрамды қайта өңдеу зауыты ашылып, бұл отандық тау-кен өндірісі үшін маңызды оқиға ретінде елдің әлемдік сирек металдар нарығындағы орнын нығайтпақ. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- 300 млн долларлық жобаның құрылысы халықаралық экологиялық және өндірістік стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды. Зауыт жергілікті мамандарға 1000-ға жуық жұмыс орнын ұсынады және жобалық қуатқа шыққан кезде жылына 3,3 млн тонна руданы өңдеп, 65% үлеске ие вольфрам концентратын өндіреді, – деп атап өтті министрлік.

Ашылу кезінде негізгі объектілердің дайындығы келесідей болды:

    •    Шлам сақтау орындары – 60%

    •    Тау-кен байыту фабрикасы – 60%

    •    Сыртқы су тарту объектілері – 85%

    •    Сыртқы электрмен жабдықтау – 100% (110 кВ желісіне қосылған)

    •    Ішкі электрмен жабдықтау – 90%

Жобаны "Арал Кеген" ЖШС басқарады, ол халықаралық Jiaxin International Resources Investment Ltd. холдингінің құрамына кіреді. Бұл холдингке Jiangxi Copper Corporation, China Railway Construction Company, China Civil Engineering Construction Company және Ever Trillion International Singapore PTE LTD компаниялары кіреді.

Алдағы жоспарлар жоғары тазалықтағы вольфрам карбидін шығару мақсатында терең қайта өңдеу кешенін салып, вольфрамның үлесін 88,5%-ға дейін жеткізуді қамтиды. Бұл кезеңге 150 млн доллар инвестиция салу көзделіп отыр.

Зауыттың ашылуы Қазақстанның тау-кен өндірісіндегі жаңа кезеңнің басталғанын және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытын көрсетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл