| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 735 жолаушыны қонақүйге орналастырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Таяу Шығыс бағыттарына рейстер уақытша тоқтағандықтан, Air Astana компаниясы өңірде қалып қойған жолаушыларға көмектесіп жатыр. Әуе компаниясы оларды қонақүйлерге орналастырған.
Қазір қонақүйге жайғасқан жолаушылар саны мынадай:
Дохада – 174 адам;
Делиде – 231 адам (Алматы–Дубай рейсінің жолаушылары);
Дубайда – 330 адам.
Сонымен қатар, компания Дубайдағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақүйлерімен жолаушылардың тегін тұру мерзімі аяқталғаннан кейін арнайы тарифтер бойынша орналастыру үшін келісімге келген.
Компания өкілдері жағдай толық реттелгенше жолаушыларға қолдау көрсетілетінін айтты.