Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тегін азық-түлік картасын енгізу ұсынылды
Жаңалықтар

Тегін азық-түлік картасын енгізу ұсынылды

02.02.2022
1 мин
15
1828

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақылар мен төлемдерді инфляциядан жоғары индекстеу, сондай-ақ табысы төмен отбасылар үшін азық-түлік картасын енгізу қажет екені туралы мәлімдеді. Бұл туралы Dauletten.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ресми статистика бойынша былтыр инфляция 8,4 пайыз болды. Нақты инфляция әлдеқайда жоғары. Алдаудың қажеті жоқ. Коммуналдық қызмет үшін төлемдер қазақстандықтардың бұрынғы дәуірге оралуға деген ықыласын тудыруда. Егер сіз дүкендердегі бағаларды қарасаңыз, қарақұмық жармасын қарақұмық уылдырығы, ал тауық жұмыртқаларын Фаберже жұмыртқалары деп атауларын ауыстырудың уақыты келген сияқты. Ұлттық банктің сауалнамасы бойынша халықтың 58 пайызы баға 16-20 және одан да көп пайызға өсті деп есептейді", - деді Жамалов ҚР премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалда.

Ол Үкімет 180 күн мерзімге сұйытылған газдың, бензиннің және дизельдің бағаларын реттеуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бағаны реттеуді, 180 күн мерзімге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізгенін еске салды.

"Бүгінде әлемде инфляцияға азық-түлік тауарлары негізгі үлес қосады. Қазақстан алдағы уақытта да қымбаттайтын азық-түлік өнімдерінің импортына әлі де тәуелді. Қазақстандағы азық-түлік тауарларының импорты 3 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл инфляцияның тап сол көлемдегі сөзсіз импортын білдіреді.

Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін біз осы тауарларды Қазақстанда өндіруді және шығаруды жолға қоюымыз қажет. Бірақ қазірдің өзінде халықты бағаның өсуінен қорғау бойынша шұғыл шаралар қажет", - деп есептейді депутат.

Қазақстандағы инфляцияның өсу мәселесін шешудің бірінші пункті ретінде Аманжан Жамалов зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуді ұсынды.

"Мұндай индекстеу ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуы арқылы мүмкін. Бұл әлеуметтік осал санаттар үшін негізгі тауарлар мен қызметтердің қымбаттауының орнын толтыруға мүмкіндік береді. Яғни, базалық зейнетақылар, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған отбасыларға арналған жәрдемақылар, мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге арналған жәрдемақылар мөлшері, атаулы көмектің көлемі ұлғаяды. Жалпы, бұл үш миллион қазақстандыққа қатысты болады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін 20 пайызға, яғни 43 221 теңгеге дейін арттыру үшін шамамен 600 миллиард теңге қажет болады. Бұл қаражатты дивидендтерді ұлғайту және квазимемлекеттік секторға арналған шығыстарды оңтайландыру есебінен, жекешелендіруден және басқа да бюджеттік түсімдерден түсетін қаражат есебінен іздестіруге болады", - дейді Парламент мүшесі.

Оның айтуынша, бірінші кезекте табысы төмен отбасыларға азық-түлік карталарын енгізуді қарастыру қажет.

"Статистикаға сәйкес, табысы отбасының әр мүшесіне 25 мың теңгеден төмен отбасылар аз қамтылған отбасыларға жатады. Халықтың мұндай санаты үшін уақытша, экономика тұрақтанғанға дейін қазақстандық азық-түлік өнімдерін сатып алуға болатын тегін азық-түлік карталарын енгізуді қарастыру қажет. Оларды енгізуді цифрлық әлеуметтік әмиянды енгізуге байланыстыру қажет", - деді Жамалов.

Сонымен қатар, ол көптеген адамдар азық-түлік карталарын сынға алып, оны "КСРО-ға оралу" дейтінін айтты.

"Бірақ азық-түлік карталары көптеген елдерде, соның ішінде АҚШ-та әлеуметтік қолдаудың маңызды құралы саналады. Ресейде халықтың кедей топтары үшін азық-түлік талондарын енгізу пысықталып жатыр", - деп түйіндеді депутат.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
15 Пікір
А
Акмарал 03.02.2022
Көп балалы анамын
Жауап беру
Л
Ләззат 03.02.2022
мен колдаимын мен көп балалы анамын
Жауап беру
Г
Гулбахар 03.02.2022
Өте дұрыс қолдаймын Мен 7 баланың анасымын азық түлік тен жетпей қалады
Жауап беру
G
Guljanat 03.02.2022
Mem kop balali anamin kvartirada turamin
Жауап беру
Г
Гульжан 02.02.2022
Сәлеметсіз бе менде азық түліке жазылайын деген едім ерекше балам бар
Жауап беру
У
Умітай 02.02.2022
Мен көп балалы анамын
Жауап беру
З
Закия 02.02.2022
Қолдаймын
Жауап беру
Н
Нағима 02.02.2022
Өте қолайлы ұсыныс. Мен асыраушым қайтыс болған көп балалы анамын. Осы заңға қосыламын. Өте дұрыс шешім.
Жауап беру
Н
Назерке 02.02.2022
Дурыс болган екен комегин тигизетин еди
Жауап беру
Г
Гулшат 02.02.2022
Өте дұрыс, бізде биліктегілер енді енді халыққа жақындап жатыр, әлі де күшейту керек, халықпен бірігіп, әлі талай жұмыс атқаруына тілектеспіз.
Жауап беру
Ж
Жанат 02.02.2022
Дұрыс
Жауап беру
А
Айнур 02.02.2022
Дурыс
Жауап беру
З
Залина 02.02.2022
Дурыс егер айткандары курсы бос сөз болып калмаса казирги таңда ешкимнин де артып сағасы жок ойткени квартира,таман балалардың керекги сосын уже ауған битеди де калады амалсыз кредитке азык тулик аламыз
Жауап беру
Ш
Шолпан 02.02.2022
Дурыс
Жауап беру
А
Айгерим 02.02.2022
дұрыс деп оилаимын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл