Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында 75 мың оқушы мен 2 мың мұғалімге жаңа оқу жылына тегін гаджеттер беріледі. Бұл туралы білім басқармасы басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.
Балаларға қашықтан оқу барысында жағдай жасау үшін аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға гаджеттер беріледі. Мұндай отбасылар саны Алматы қаласы бойынша 22 мыңнан асады. Мониторинг жүргізу барысында 75 мың оқушы мен 2 мың мұғалімде компьютерлік техника жоқ екені анықталды. Ендігі мақсат оқушыларды оқу жылы басталғанға дейін керек техникамен қамтамасыз ету.
«Оқушыларды компьютерлермен қамтамасыз ету үшін қайырымдылық қорлар да бізге барынша көмектесіп жатыр. Сондай-ақ қаладағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға компьютерлік техникалар сыйға беріледі. Ал қалған отбасылар онлайн оқу форматы біткеннен кейін бізге қайтарып берулері керек. Осылайша қазіргі мәселені жүйелі шешуді жоспарлап отырмыз», – деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Тағы көру