Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Теміртауда Металлургтер күніне арналған мерекелік концерт барысында полиция қызметкерлері адасып кеткен 59 баланы ата-анасымен қайта қауыштырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Салтанатты шара қаланың орталық алаңында өтіп, оған Қарағанды облысының әр өңірінен 35 мыңнан астам адам жиналды. Концертте отандық және шетелдік танымал әртістер өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік іс-шара кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды. Тәртіп сақшылары дрондар мен бейнебақылау жүйелерін қолдана отырып, кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік алды.
Адасқан балаларды іздеу жұмысы полиция назарында болды. Құқық қорғау органдарының жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 59 бала ата-анасымен аман-есен қайта табысты.
Қарағанды облыстық полициясы мереке кезінде ешқандай құқық бұзушылық немесе төтенше жағдай тіркелмегенін атап өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды басты мақсат етіп қойғанын жеткізді.