Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тақырыпты «Тіс пен қаржы» деп алуымыздың себебі қарапайым. Өйткені тіс күтіміне атүсті қараудың арты қаржылық қиындықтарға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан кім тісін тегін емдете алатынына және ең кең таралған стоматологиялық қызметтер қанша тұратынына тоқталуды жөн көрдік.
Кім тісін тегін емдете алады?
Шұғыл жағдайларда төмендегі топтағы адамдарға ауырсынуды басу, пломбаны дайындау және салу, ауырсынуды басу арқылы тісті жұлу, периостотомия, абсцесстерді ашу сияқты ем-шаралар тегін көрсетілуі тиіс:
Ал жоспарлы тәртіпте ауырсынуды басу арқылы тісті жұлу және пломбаны дайындау мен салу қызметтері жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға тегін көрсетілуі керек.
Сондай-ақ мектептерде ауыз қуысын профилактикалық тексеру мен фиссуралардың (тістердің беткі қабатындағы ойықтар) жабылуын тексеру тегін жүргізілуі қажет.
Сондықтан адамда бала кезден тісті күту мәдениеті қалыптасып, болашақта тіске әртүрлі ем-шаралар жасау кезінде кезігуі мүмкін қаржылық мәселелердің алдын алу үшін ата-аналардың баласын тісті күту мәдениетін қалыптастыруға ерте кезден баулуы маңызды.
Ең кең таралған стоматологиялық қызметтер қанша тұрады?
Біз Нұр-Сұлтан қаласының әртүрлі аудандарында орналасқан төрт стоматологиядан ең кең таралған қызмет түрлері қандай екенін сұрап, олардың бағаларын кестеге салуды жөн көрдік. Жарнама болмауы үшін стоматологиялық орталықтардың атын жазбай, оларды әріп арқылы көрсеттік.
Жансая ҚАМБАР
Тағы көру